Өз кәсібіңді аш!

- Бизнес жоба дайын болу керек. Гранттың 10%-ы көлемін бірлесіп қаржыландыру қажет. Әлеуметтік осал топ өкілдері бұл талаптан босатылады. Сонымен қатар грантқа үміткер кәсіпкерде «Бизнестің жол картасы» немесе «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқудан өткендігі жөнінде сертификат болу керек» - деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және инновациялық даму  басқармасының бөлім басшысы Дархан Ермағамбетов.

 

Өңірлік  кәсіпкерлік және инновациялық даму  басқармасы 12-ге жуық бизнес жоба қолдау табады деген үмітте. Үздік бастамаларды іріктеу жұмысымен арнайы конкурстық комиссия айналысады. Жеңімпаздар шілде айында анықталады.