Өңірімізде азық-түлік өнімдері 2-3% қымбаттаған

Осылайша, өңірімізде кезекті рет азық-түлік өнімдері  бағаларының өсімі байқалды. Ет бағасы 2,5%, бұл ретте, қой еті 3,4%, жылқы мен сиыр еті 2,7%, ал құс еті 2,3% арта түскен. Айтарлықтай өзгеріс көкөністерге қатысты орын алды. Картоптың құны 12,7%, қызылша 17,6% өсті. Бағалардың шарықтап кеткендігін павлодарлықтар да растады.

 

- Картоптың бағасы алмамен бірдей, сұмдық қой! - деді павлодарлықтардың бірі.

 

Сонымен қатар жанармай бағасы 6,6%, ал дизель отыны – 1,1% арта түскен. Ал пәтерақы тарифтері арасында, қоқыс шығару қызметінің құны бірден  40,4% өсіп отыр.