Өңірімізде азық-түлік өнімдері 2-3% қымбаттаған
Осылайша, өңірімізде кезекті рет азық-түлік өнімдері бағаларының өсімі байқалды. Ет бағасы 2,5%, бұл ретте, қой еті 3,4%, жылқы мен сиыр еті 2,7%, ал құс еті 2,3% арта түскен. Айтарлықтай өзгеріс көкөністерге қатысты орын алды. Картоптың құны 12,7%, қызылша 17,6% өсті. Бағалардың шарықтап кеткендігін павлодарлықтар да растады.
- Картоптың бағасы алмамен бірдей, сұмдық қой! - деді павлодарлықтардың бірі.
Сонымен қатар жанармай бағасы 6,6%, ал дизель отыны – 1,1% арта түскен. Ал пәтерақы тарифтері арасында, қоқыс шығару қызметінің құны бірден 40,4% өсіп отыр.