«Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері арасында көңілділер мен тапқырлар ойыны өтті
Алюминий дивизионының кәсіпорындары арасында осындай көлемдегі көңілділер мен тапқырлар ойыны соңғы рет 2017 жылы өтті. Осы жолы қатысушылар жаңа форматта өздерін байқап көрді. Ойын дәстүрлі сәлемдесуден басталды. Олар әр түрлі тақырыпта әзілдесіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күйін сыйлады.
Ойынға «Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның цехтары ғана емес, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері де қатысты. Баянауыл ауданынан "Керегетас" әктас кенішінің көңілді және тапқыр қызметкерлері келді. Олардың актерлік шеберлігі жиналғандарды бей-жай қалдырмады.
- Бір жұма уақыттың ішінде дайындалдық. Жалпы КВН-да жас кезімнен ойнаймын. Студент кезімде де қалалық лигаларда ойнағам. Қазақстандық деңгейде де ойнағанбыз. Қазір енді ақырындап өзімнің артымнан келе жатқан жастарды әкеліп, соларға үйретіп, неге ойнамасқа? Жұмыстағы мансапта жалғыз жұмыс қана болмау керек, жан-жақты болу керек,-Павлодар алюминий зауытының «Керегетас» әктас кенішінің слесарь-жөндеушісі Тілек Хаусел.
Ұйымдастырушылар дайындықтың жоғары болғанын атап өтті. Сондықтан ERG тобынан көңілділер мен тапқырлар клубының алюминий дивизионының құрамасын жинамақ.
- Біз ескі дәстүрді жандандыруды ұйғардық, осы ұсынысты біз жастарға айтып, басшылыққа ұсындық. Олар бізге қолдау білдірді. Бұл өте маңызды. Біз әрқашан талантты қызметкерлерді байқаймыз және олардың талантын шыңдауға көмектесуге тырысамыз. 02.39. Биыл бізде ERG тобы бойынша үлкен трансформация бағдарламасы, яғни өзгеріс жүріп жатыр, және трансформацияғасай біз өз ойынымыздың тақырыбын: "өзгерістер желі» деп атауға шешім қабылдадық. Өйткені қазір өзгерістер орын алуда,-деп жеткізді Павлодар алюминий зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Жансая Альжанова.
Алюминий дивизионының командалары арасында бірінші орынды "Керегетас" командасы иелениіп, кубокты еншіледі. Мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Қазақстан электролиз зауытының көңілді және тапқыр қызметкерлері қортындылады. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.