• Басты бет
  • Мәдениет
  • «ЕЭК» АҚ өз зейнеткерлеріне Жасыбай көлі жағалауында демалыс ұйымдастырды

«ЕЭК» АҚ өз зейнеткерлеріне Жасыбай көлі жағалауында демалыс ұйымдастырды

«ЕЭК» АҚ ардагерлері жауынды ауа райына қарамастан «Жасыбай» демалыс аймағында уақыттарын керемет өткізуде. Әр күнге түрлі шаралар ұйымдастырылған. Бастысы бұл бір реттік емес, бүгінде компанияның игі дәстүрі. Алдымен екі топқа бөлінген «ЕЭК» АҚ зейнеткерлері 8 бөлшектен пазл жинады. Үлкендер бұл сайысқа аса көп уақыт кетірмеді. Бірнеше минуттардың ішінде қыс мезгіліне қатысты картинаны құрастырып шықты. Кейін «Опята» және «Сыроежки» командалары ұрандарын ұсынды.

 

Демалыста тағы бірнеше байқаулар ұйымдастырылды. Ең көңілді сәт «Оркестр» ойыны болғаны анық. Түрлі сұрақтарға ардагерлер тез жауап тауып, өздеріне берілген әріптерден сөз құрастырды.

 

Айта кетсек, ЕЭК компаниясы атынан демалысқа 100-ге жуық ардагер келді. Олар ән айтып, би билеп, көңілді кездесулер ұйымдастырып, таза ауада серуендеп уақыттарын көңілді өткізді. Компания түрлі мерекелер мен оқиғаларда ардагерлерді назардан тыс қалдырмайды.

 

- Қырық бес жыл жұмыс істедім. Отыз жыл скотник боп, 15 жыл әлгі ГТС-те уборщица помещения, дворник боп. 2000 жылы пенсияға шықтым. Әуелі Алланікі, сосын менікі, 7 балам бар, 4 ұл,3 қыз. Қазір пенсиядамын, Құдайға шүкір. Денсаулық бар, міне, Жасыбайға төртінші рет келіп отырмын,-дейді «ЕЭК» АҚ ардагері Рая Тасыбаева.

 

- Зейнетке алдыңғы жылы шықсам да осы демалыс орнында бірінші рет болып отырмын. Маған өте ұнады. Еуразиаттық корпорациясы басшыларына алғысымыз шексіз. Біздің «Восточный» разрезі профкомы В.Петровичқа алғысымыз мың да бір жақсы. Бәріміздің көңіл күйіміз жақсы. Бәріміз шаттықтап, қуанышпен, жақсы көңіл күйде демалып жатырмыз. «Восточный» разрезінен зейнеткерге шықтым. Онда 30-жылдан артық жұмыс істегенмін. 15 жыл болды пенсияға шыққаныма. Мында бірінші рет емес. Бес, алты рет болған шығармын. Екі жылда, үш жылда бір рет бізді әкеліп тұрады. Көптен көп рахмет, кәсіподаққа,-дейді «ЕЭК» АҚ ардагерлері Айтпану САЛМЕНОВА және Мұрат ШАБАРОВ.

 

Ардагерлер актерлік шеберліктерін де көрсетті. Түрлі жұлдыздарға пародия жасады. Әділ қазы алқасы достықтың жеңіске жеткенін атап өтіп, «ЕЭК» АҚ зейнеткерлеріне сыйлықтар берді. Көңілді отырыс би кешімен жалғасын тапты.