Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Қылқалам шебері халықаралық сайыста жүлделі болды

мәдениет

39
Павлодарлық халықаралық жарыс лауреаты атанды.Сайысқа 9-дан 11 жасқа дейінгі жас суретшілер қатысты. Жерлесіміз бірнеше елдің үздіктері бақ сынаған байқауға «Ұлы Устюгке саяхат» туындысын жіберген.

Ева Подгорецкая халықаралық додаларға 4 жасынан қатысып келеді. Көршілес Ресей елінде өткен онлайн байқауға шеберіміз өз туындысын жөнелткен. Ол  қазылардың жоғары бағасына ие болыпты. 

 

-Әр жыл сайын халықаралық сайыстан орын аламын. Әділқазылар жұмысымды жоғары бағалап, 3 дәрежелі лауреат марапатын табыстады. Бұл маған өзгеше шабыт сыйлайды,- дейді Ева Подгорецкая.

 

Ева көбіне кескіндеме, графика және гуашь арқылы сурет салғанды ұнатады. Оған қоса жүннен картина жасаумен айналысады. Болашақта ұлы суретші болуды армандайды. Бүгінде қылқалам шебері ұстазымен бірге өзге сайыстарға қатысуда.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()