Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Әлемге Павлодарды танымал еткен музыкант әсерімен бөлісті

мәдениет

51
Ақсулық музыкант Иманбек Зейкенов әйгілі Grammy премиясының жүлдегері атанды. Айта кетейін, жерлесіміз «Roses» әніне ремикс жасаған еді.

Халықаралық премияның салтанатты рәсімі Лос-Анджелес қаласында өтті. Музыкалық додада Иманбек үш қарсыласынан басым түскен. Жеңімпазды анықтау қиынға соқпады, себебі жерлесіміздің туындысына тең келер бақталас болған жоқ. Иманбектің жеңісі жайлы түрлі басылымдар жарыса жазуда. Сондай-ақ, өнер жолындағы танымал әншілер де құттықтады. Бүгінде музыкант Мәскеуде жұмыс жасайды.  Жеңімпаз желі арқылы байланысқа шықты.

 

- Барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін көп рахмет айтқым келеді. Тіпті өзімді бірер секундқа Қазақстанды барша елге таныта білген Генадий Головкин секілді сезіндім, - деді «Grammy» премиясының иегері Иманбек Зейкенов.

 

 

Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылы Иманбек теміржол саласында қызмет еткен еді. Кейін жұмысынан шығып, шығармашылыққа бет бұрған. Бір қызығы оның музыкалық білімі, не бір танысы жоқ. Дегенмен әлем елдері халқына арналған тамаша туындыларды дүниеге әкелу қабілетінің бар екені мәлім. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()