• Басты бет
  • Мәдениет
  • 11 наурызда басталатын Рамазан айында қандай сауапты амалдар жасау керек?

11 наурызда басталатын Рамазан айында қандай сауапты амалдар жасау керек?

 

 

Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр. Бұл ретте облысымыздың бас имамы қасиетті айда қандай сауапты амалдар жасалатыны туралы айтты.

 

Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық, сабырлық пен кешірімділік айы. Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға бұл айда ораза ұстау – парыз. Өңіріміздің бас имамы пітір садақасы туралы да айтты. Ол биыл екі келі ұнның бағасымен 640 теңге деп бекітілген. Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі.

 

-Егер сіз мешітке бермеймін десеңіз, ол адамның өз еркі болып табылады. Егер мұқтаждарға бір туысқандарыңыз жетім, кедей, қарызы бар сондай адамдарға берем дейтін болсаңыз ол адамның өз еркі. Пітірге әлеуметтік желіде іріткі салғысы кеп, осы мәселе бойынша теріс пікір жазатындар көп болады. Сондайдан аулақ болайық,-деді ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы.

 

Сонымен қатар Жолдас Қоспақұлы кәсіпкерлерден ораза айында азық-түліктің бағасын тым қатты көтермеуді сұрады. Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады. Осы арда айта кетейік, Ирбис телеарнасының эфирінен ауызашар уақытында дұғасын оқып, сәресі уақытын көруге болады.