2025 жылы Ораза қашан басталатыны белгілі болды

 

Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылға арналған діни меркелердің кестесін жариялады. Басқарманың шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылға арналған діни күндердің кестесін бекітті.

 

-Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген ҚМДБ хабарламасында.

 

Кестеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады. 26 наурыздан 27-іне қараған түн – Қадір түні. Ораза айт – 30 наурыз. Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда атап өтіледі.