Ақсу ферроқорытпа зауыты балаларға мереке думанын ұйымдастырды
Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің дарынды балалары үшін «Қазхромның» бас шыршасы өтті. Мұнда балалар аниматорлармен түрлі ойын ойнап, би билеп, фото аймақта суретке түсіп те үлгерді. Барлығының қуанышында шек болмады. Айта кететіні, бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
- Әр жыл сайын, көп жыл бойы біздің балалар үшін, зауыт жұмысшылары үшін осындай тамаша шаралар ұйымдастырылады. Бүгін мен қызымның анасы ретінде осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын,-деді еңбекті қорғау жөніндегі маман Алёна Оразова.
-Мен осы шыршада бірінші рет, осы сыйлықтар маған қатты ұнады, мен ризамын. Мен осы шыршаға бір биді дайындап келдім,-деп жеткізді Санжар Баисов.
Ақсу ферроқорытпа зауыты еңбек ардагерлері мен қызметкерлеріне ғана емес, кішкентайларға да үлкен көңіл бөледі. Сондықтан бұл мерекеге 25 баланы жинады. Олардың бәрі білімде озат, спорт пен өнерді ұштастырған дарынды балақайлар.
- Бүгін олар қысқы ертегі әлеміне саяхаттайды, көптен күткен сыйлықтарын алады. KAZСHROMЕ – әлеуметтік бағыттағы компания, сондықтан біз тек зауыт жұмысшылары үшін ғана емес, отбасы мүшелерінің барлығы үшін осындай қолайлы жағдайды жасауға тырысамыз,-дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының HR бизнес-серіктесі.
Бұл күн уақыттарын көңілді өткізген балақайлардың есінде көпке қалары сөзсіз. Мереке барысында оларға тәтті толған қорап мен планшет сыйлады.