Алюминий дивизионы Наурызда павлодарлықтарға тосын-сый жасады

Павлодарлықтар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі байқаулар мен ұлттық ойын сайыстары өтті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Қазақстан электролиз және Павлодар алюминий зауыттарында көктемнің шуақты, ең жарқын мейрамын ауқымды атап өту дәстүрге айналған. Кәсіпорын павлодарлықтар үшін Гагарин саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Жиналғандар қазақ халқының ұлттық спорт түрлері бойынша жарысқа қатысып, концерттік бағдарламада музыкалық аспаптарды меңгерген ұжымдардың өнерін тамашалады.

 

-Екі сағаттық бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік шарадан бөлек, спорттық жарыстар да өтеді. Концертте қала әртістері музыкалық қойылымдармен өнер көрсетеді. Біз бұл шараны "Қазақстан алюминийі" АҚ, "ҚЭЗ" АҚ қызметкерлеріүшінжәне Павлодарқаласыныңтұрғындарыүшінұйымдастырдық.-деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Нұрсұлтан Бисенбаев.

 

Жетекші кәсіпорын мерекеге тыңғылықты дайындалған. Спорттық сайыстар үшін арнайы алаңдар жұмыс істеді. Қазақ халқының ұлттық күрес түрі жарысына қатысушыларға жиналғандар қолдау білдірді. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шараларға ересектермен қатар балалар да белсенді қатысты. Олар мерекелік атмосфераны жоғары бағалап, аниматорлармен уақыттарын көңілді өткізді.

 

Павлодарлықтар киіз үй ішіндегі фотоаймақта естелікке суретке түсіп, шарадан жағымды әсер алды. Қазақстан электролиз зауыты сыйлаған мерекелік бағдарлама жиналғандардың есінде көпке қалары сөзсіз.