Ағаш тамырларынан жасалған түрлі мүсіндер

Қайталанбас таңғажайып туындыларды жасау үшін ең алдымен осындай қураған ағаш тамырлары қажет. Оны кез-келген жерден табуға болады дейді шебер. Дегенмен қиялдың жүйрік болуы аса маңызды екен. Қажетсіз заттар өңделіп, боялып осындай кейіпке енеді. Бұл жерден қалықтаған қыранды, адам бейнесін және өзге тіршілік иелерін кезіктіре аласыз.

 

- Бұл заттарды енді әдейі іздеп таппайсың енді. Осы мектептің маңайында да, тоғайды араласаң, көшеде жүрсең де, өзіңе бір құсқа болсын, не болмаса адамға болсын ұқсатқан нәрсені алып келесің. Әкелгеннен кейін оны жан-жақты қарап, оның әлгі топырағын тазалап артығын алып, содан кейін одан үлкен бір образ шығуы мүмкін, - дейді Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ ұстазы Жаңабай Жампейісов.

 

Білікті маманның қолөнерлікпен айналысқанына 40 жылға жуықтапты. Бүгінде оқушылары да қажетсіз тамырларды әкеліп ұстазымен бірге түрлі бұйымдар жасайды. Жаңабай Жампейісов әзірге шағын тамырларды кәдеге асыруда. Алдағы уақытта мектеп ауласына үлкен көлемдегі мүсінді жасауды жоспарлап отыр.