Ақсуда «Туған қала» жобасы аясында музей фестивалі ұйымдастырылды

Шарада көненің көзі мен кешегі күннің құнды заттары көрмеге қойылып, жиналғандар тарих беттеріне үңіліп, бір сәтке өткен ғасырға тап болды деді irbistv.kz тілшісі.

 

«Менің отбасымда сақталған құнды зат» фестивалінің авторы – Гүлжанар Ақшулақова. Бірнеше жылдан бері ғылыми жобасын қорғаған музей басшысы «Туған қала» жобасына өз ұсынысын білдіріп, 217 дауыс жинап, музей фестивалін ұйымдастырды. Еске салсақ, ағымдағы жылы инфрақұрылымдық жобалардан бөлек, мәдени іс-шараларды да ұсыну мүмкіндігі туған еді.

-Мақсаты енді бірінші музейдің қорын толтыру, екіншіден, енді әрбір отбасында осындай құнды заттар бар. Сол құнды заттармен бөліссе деп, көрсетсе, сонда тапсырамын десе тапсырады, тапсырмаймын десе ол да өзінің еркінде. Сондықтан енді бүгінгі көрмеде көріп жатқан жәдігердер деп айтуға болады,-деді Ақсу тарихи-өлкетану музейінің басшысы, жоба авторы Гүлжанар АҚШУЛАҚОВА. 

Акция аясында музей қорына моноқала тұрғындары мен асыл мұраға бей-жай қарамайтын жандар 50-ден астам көне жәдігер мен құнды заттар табыстады. Олардың тарихы мен қолданылған уақыты әр жылдарды қамтиды. Жиналғандар белгілі тұлғалардың жеке заттары мен томдық жинақтар, құжаттар мен халықтың күнделікті тұрмыста қолданған заттарын тамашалады. Бұл кешегі мен бүгінгі күннің сабақтастығы деп атап өтті ұйымдастырушлар. Ал «Туған қала» жобасына "Қазхром "ТҰК" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты да қатысудан тыс қалмайды.

- Жоба фестиваль шынымен де өте ерекше шара. Құнды, көне заттардың атмосферасында сіз өзіңізді балалық шағыңыздағыдай сезінесіз, ата-әжеңізді еске түсіресіз. Сондықтан, мұндай іс-шараларға біздің балаларымызды тарихты, дәстүрлерді түсініп, ұмытпауы үшін көбірек тарту керек деп ойлаймын,-деді «Казхром ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.

- Дәл осы іс-шара музейге жақынырақ болуға, музей ісін түсінуге, ескі заттар сақталған отбасылар жайлы және жастарға адамдардың бұрын қалай өмір сүргенін көрсетіп, дәстүрді білуге мүмкіндік береді. Жоба ERG тобының арқасында іске асырылды. Ол Ақсу қаласында ғана емес, Қазақстанның екі облысында да жүзеге асырылуда,-Ақсу қаласы жобалау орталығының басшысы Сергей Гуляев.

Туған қала жобасы аясында Ақсуда жыл соңына дейін тағы бір шара жоспарланған. Осылайша ағымдағы жылы 5 іс-шара өтпек. Әрқайсына қаржыландыру 4 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 27-қыркүйекке дейін келесі жыл жобалары үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда.