Ақылына көркі сай

Павлодарда «Қазақстан мисі» сайысына іріктеу кезеңі өтті. Сұлулығы мен дарындылығын паш еткен арулар қазылар алқасының алдында өздерінің білімі мен өнеріш паш етуге тырысты. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жылдан жылға талап қатаңдатылуда. Осы жылы өзге қалаларда бой өлшемі 165 см-ға төмендеген, бұған себеп – басқа өңірлерде бойшаң қыздар тапшы екен, бізде мұндай қиындықтар жоқ. Ал салмаққа келетін болсақ, 57 кг-нан аспауы керек, бұл қатаң ереже. Бұған қоса, бұрын арудың дене пішімі мен әдемілігі ғана бағаланса, қазір бұл мүлдем жеткіліксіз деп бөлісті Райса Жұмашқызы.

 

«Мұндағы талап – тілдерді білу және қандай да бір дарын иесі болу. Соңғы жылдарды қарасақ, біздің қыздар Қазақстанның вице-мисі атанған, ал Павлодар аруы атанған бойжеткен Қазақстанның ең үздік 15 аруы тізіміне енді - дейді «Павлодар аруы» байқауының ұйымдастырушы Райса Райымбекова.

 

«Әлем аруы» байқауында 3 жерлесіміз ел намысын қорғаған. Осы кеште қазылар алқасы ақылына көркі сай қыздарды таңдайды, ал үздіктері 20 қыркүйекте өтетін «Павлодар аруы -2022» байқауында өнер көрсетеді.

 

Айгерім Талғат