• Басты бет
  • Мәдениет
  • Баянауыл ауданында мектеп оқушылары түрлі үйірмелерге тегін қатысады

Баянауыл ауданында мектеп оқушылары түрлі үйірмелерге тегін қатысады

 

 

Бұл мемлекеттік «Арт Спорт» бағдарламасының ресми қатысушысы «КЕО» мектебінің арқасында жүзеге асырылуда. Мәселен, халықтық би үйірмесіне 100-ден аса бала барады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Баянауыл ауданында «КЕО» мектебінің үйірмелері жұмыс істейді. Бұл дегеніміз - кескіндеме және сурет салу, ұлттық би, үстел теннисі, грек-рим күресі, актерлік шеберлік, шешендік өнер және робототехникаға балалар тегін қатысады деген сөз. Мәселен, «КЕО» мектебінің халықтық би үйірмесінде 100-ден аса бала қамтылған.

 

- Біздер қазір түгел барып жатқан фестиваль, конкурстарымыз бәрі қаражатқа тіреледі. Сондықтан бізге Елена Ораловнадан үлкен қаражаттармен көмек көрсетеді. Көбінесе, балалардың жүруіне, жол қаражатын, билеріміз барлығы коммерческий болғанда вступительный взностарын ақшасына Елена Ораловна көмектеседі. Және қазіргі бағдарлама бойынша балалар тегін қатысады,-деді Мәдениет саласының үздігі, «Баян Сұлу» үлгілі би ұжымының көркемдік жетекшісі Көкенай Айтмаханова.

 

«КЕО» мектебінің халықтық би үйірмесінің қатысушылары республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Бишілер Грузия, Өзбекстан сынды мемлекеттерде топ жарған.

 

Есептік концертте 5 топтың бишілері алғыс хаттармен марапатталды. «Арт Спорт» бағдарламасының ресми қатысушысы «КЕО» мектебі халықтық би үйірмесіне жол ақысы мен жаңа киім тігуіне 800 мың теңге ақшалай сертификатын табыстады. Ұжым Бурабайда өтетін байқауға дайындық үстінде.