Чехов театры ұзақ уақыттан кейін көрермен қауымға есігін айқара ашты

Чехов театрына келген өнер сүйерлер ең алдымен осындай сақтық шараларынан жіті өткізілді. Кейін ара қашықтықты сақтай отыра жайғасты. Көрермен назарына позитивті «Дом, где все кувырком» қойылымы ұсынылды. Мұнда испан отбасында өткен даулы әрі күлкілі жайттар көрсетілген. Мәселен қызметші қызға келген сыйлықты отағасы өз әйеліне келген екен деп шу шығарады.

 

- Бұл қойылым көрермен тарапынан жоғары бағаға ие. Оқиға желісі өте қызықты. Репертуарымыздағы шоқтығы биік спектакль десекте болады. Араға жарты жыл салып қайта қауышып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта жақсы жаңалықтарымызбен бөлісеміз, - деді А.Чехов атындағы драма театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Виктор Аввакумов. 

 

Труппа маусым аяқталғанға дейін кем дегенде 8 премьера ұсынуға тырыспақ. Бүгінде жаңа қойылымдарға дайындық қызу жүруде.