Екібастұз мәдени орындары жұмыстарын тоқтатқан жоқ

Мерекелі даталарға орай шаһар белсенділері түрлі акциялар мен челлендждер ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, көне салт-дәтүрді де ұмыт қалдырмай насихатттауда.

 

- Салт-дәстүрді қазіргі жастар көп қолдана бермейді. Сондықтан біз «Дәстүрім-салтым» айдарын ашып, сол айдар арқылы көне қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттадық. Бейне-ролик арқылы қалай өтеді, қалай жасалады, ол дәстүрлерді заманауи тұрғыда қалай іске асыруға болады сол жөнінде көптеген бейне роликтер шықты, - дейді «Атамұра» мәдени орталығының әдіскері Жанар Мұқаева.

 

Бүгінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Конституция күні және тілдер мерекесіне орайластарылған шаралар легі әлі жүруде. Алдағы уақытта Әл-Фарабидің 1150 жылдығына қызу дайындық үстінде. Екібастұз қаласының мәдени өмірімен жіті танысқыңыз келсе, «Ирбис» телеарнасында шығатын «Дәстүр» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.