ERG кәсіпорындары Ақсу балаларына мереке думанын ұйымдастырды

 

 

 

 

Кішкентай аспаздардың басын қосқан алаң балалардың күлкісі мен қуанышына толы. Аниматорлар мен өздерін нағыз аспаз ретінде сезініп көрген балалар үшін бұл көптеген ойын алаңдарының бірі ғана. Ақсу қаласының жағалауы "ERG jaz FEST"-нің үлкен ойын-сауық саябағына айналды. Мереке - "ERG Service" ЖШС, "ЕЭК" АҚ және Ақзф "Қазхром"АҚ қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

 

-Керемет көңіл. Себебі, Ақсу қаласында керемет іс-шара өтіп жатыр Еуразиялық топтың ұйықты болуымен, әрине. Біз Павлодар қаласынан келіп тұрмыз. Отбасымен бірге келдік, баламызбен бірге. Еуразиялық топқа үлкен рахмет. Мұндай әлеуметтік маңызы бар іс-шара өткізгені үшін,-дейді "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ электр станциясын жобалау жөніндегі инженері Жангелді Жанат.

 

Ақсу қаласында тұратын ERG қызметкерлерінің балаларына арналған акция алғаш рет бірлесіп ұйымдастырылды. Барлығы тыңғылықты дайындалған. Мысалы, балалардың әр жас санаты үшін әртүрлі бағдарлама жасалды: мастер-класс, лазерлік тег, квест, фокустар, сабын көпіршіктері шоуы және тағы басқалары. Айтпақшы, осындай ыстық ауа-райында барлығына балмұздақ, тәтті тоқаш пен шырын да таратылды.

 

- Мен Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істеймін. Біздің ұйым жыл сайын балаларымыз үшін осындай шараны жыл бойы осы көңіл күйде жүрсін деген оймен ұйымдастырады. Ұйымға алғысымды білдіремін, осында келіп қатысып жүреміз үнемі,-дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының инженер-геодезисті Рахат Ахмедиев.

 

Шеберлік сағтатарында балалардың қиялдары шектелмеді. Балалар эко сөмкелерін, жейделерді бояды. Әрқайсында өзі жасаған туындыны өзімен бірге алып кету мүмкіндігі болды.

 

-Мен ERGService компаниясында жұмыс істеймін, балаларды ұмытпайтыны үшін алғыс айтамын. Олар осындай үлкен үлкен іс-шараны жасады, мұнда көптеген ойындар, аниматорлар, бәрі керемет, қызықты, әр түрлі. Негізінен, соңғы бірнеше жылда — бұл өте ауқымды өтуде,- дейді "ERG Service" ЖШС кедендік декларациялау жөніндегі менеджері Анастасия Путинцева.

 

Қуанышты балалардың жүзіне қарап, бұл жазғы демалыстың сәтті бастамасы болды деп айтуға болады. Мереке Еуразиялық топ кәсіпорындары қызметкерлері балаларының есінде көпке қалары сөзсіз.