• Басты бет
  • Мәдениет
  • ERG Service нәзікжанды қызметкерлеріне арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды

ERG Service нәзікжанды қызметкерлеріне арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды

 

Көктем мезгілін әйелдер қауымы асыға күтері анық. Себебі, шуақты мереке 8 наурыз күні нәзікжандылар бір сәтке өздерін күйбең тірліктен босатып, өздеріне уақыт арнайды. Ал ERG Serviceқызметкерлерін әрдайым назардан тыс қалдырмауға ерекше көңіл бөледі және бұл тек мереке күндері ғана емес. Осы орайда, ERG-дің сұлулығы мен қуаты болып табылатын арулар қауымы үшін кәсіпорын шеберлік сағатын ұйымдастырды.

 

- Бүгінгі шеберлік сағатында мен өзімнің керемет шеберлігімді аштым деуге болады. Себебі, осындай әр түрлі суреттер салдық, сызықтар салдық және де безендіру жағынан осындай керемет өзім үшін ашылулар болды. Менің ойымша өте керемет шықты тортым,-деді ERG Service сапа менеджменті жүйесі бойынша сарапшы Әйгерім Мадиева.

 

Нәзікжандылар шеберлік сағатында тәтті тортты мерекелік әзірлеумен безендірді. Кейбірі үшін бұл алғаш рет болғанына қарамастан, арулар бұл істі де бірден дөңгелетіп әкетті.

 

- ERG Service ұжымы дайындаған осындай керемет шеберлік сағаты үшін алдымен алғысымды айтамын. Осындай шаралар көбірек болсын. Келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен барлық әйелдерді құттықтаймын. Ең бастысы гүлдей құлпырып, жайнай берсін,-деді ERG Service сапа менеджменті жүйесі бойынша сарапшы Әйгерім Мадиева.

 

Халықаралық әйелдер күніне арналған шеберлік сағаты нәзікжандылардың есінде көпке қалары сөзсіз. Олар уақыттарын пайдалы, көңілді әрі шығармашылыққа толы өткізді. Айта кетсек, мұнда 20-дан астам әйел шеберлігін шыңдады.