ИнЕУ-де халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті

 

 

Шара академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Конференция пленарлық бөлімнен және тоғыз секциядан тұрды. Қатысушылар әр түрлі салаларға арналған бірегей жобаларды таныстырды. Конференцияда барлығы 220 баянадама жасалды. Оған 17 жоғары оқу орны мен 15 колледж, 19 мектептің оқушылары қатысты. Олар өзекті мәселелерді көтеріп, ғылыми жобаларын қорғады.

 

- Конференция бүгін екінші күн өзінің жұмысын жалғастыруда . Секциялық жұмыстар бүгін таңертен бітті. Қорытындыларын жасадық. Қазір конференцияның жұмысын аяқтаймыз. Онда жеңімпаздар бар, бірінші орын алғандар бар, магистранттар, студенттер, одан кейін мектеп оқушылары қазір марапатталады осы конференцияда,-деді Инновациялық Еуразия Университетінің бірінші проректоры Абдрахман Найзабеков.

 

Ауқымды конференцияға қатысушылар арасында Инабат Мұхамеджан бар. Ол Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы. Ол бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуге тоқталды. Психологиялық тұрғыда баланың дайындығы мен дұрыс үйрету жолдары жайлы талқылап, жүлделі орынға ие болды.

 

- Менің жобама 3 сынып оқушылары қатысты. 15 бала қатысты. Бұл менің бірінші жобам. Маған өте қызық болды, қалай ол болады екен,-деді ғылыми конференцияға қатысушы Инабат Мұхамеджан.

 

«Білім және ғылымды интеграциялау- болашаққа қадам» атты 50-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ерекшелігі пленарлық және секциялық отырыстарда тек магистранттар, ЖОО, колледж студентері, орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.