ИнЕУ-ге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі келді

 

 

 

 

Аталмыш жоғары оқу орнының басты ерекшеліктерінің бірі – заман талабына сай сапалы білім беру. Кездесу барысында Инновациялық Еуразия Университеті беделді оқу орындарының ішінде бұрыннан танымал екені атап өтілді. Осы орайда, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін айтып өткен жөн. Студенттердің жұмыс берушілері облысымыздың бірқатар белгілі кәсіпорындары болып табылады. Сондықтан, оқытушылар бұл кездесудің маңызы аса зор екеніне тоқталды.

 

- Бұл кездесу бізге көп нәрсе береді, ең алдымен студенттер мен оқытушылар үшін. Студенттер жайлы айтсақ, олар вице-министрдің біздің университетімізге келгенін көрді, демек, жоғары оқу орны жұмысы жалғасуда, даму қарқыны жүруде. Осы жылы ашылған жаңа зертханалар бар, студенттеріміз барлық кабинеттерді өздері таныстырды. Осы уақытқа дейін университет қабырғасында жасалған, жасалып жатқан жұмыстарын көрсетті,-деді химия ғылымдарының докторы Александр Свидерский.

 

Инновациялық Еуразия Университетінде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, биыл мұнда роботтық жүйелер зертханасы ашылған. Ол әлемнің жетекеші университеттерінде қолданысқа ие. Айту керек, жоғары оқу орнының алға қойған мақсаты айқын. Бәсекеге қабілетті, кәсіби мамандарды даярлап шығару басты міндет болып қала бермек.