Инновациялық Еуразиялық университетінде ұстаздарды құттықтады
Жоғары білім қызметкерлеріне кәсіби мереке күні концерттік бағдарлама дайындалды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Мерекелік кеш концерттен басталды. Кәсіби музыканттар барлығы үшін тамаша сый жасады. ИнЕУ-дің дарынды студенттері де шығармашылық нөмірлерін дайындапты. Әрбір ән мен би бүгін ұстазға арналды.
- Әріптестерімізді, қызметкерлерді, оқытушыларды және жоғары білім саласында жұмыс істеп жүрген барлық мамандарды құттықтаймыз! Бүгін олардың еңбегі үшін алғыс айтатын күн. Біз жыл бойы оларды құттықтау үшін түрлі шаралар жоспарладық,-деді ИнЕУ ректоры Чингиз Макенов.
Инновациялық Еуразиялық университетте жас буынды тәрбиелеуге ерен үлесін қосып жүрген жандарға құрмет көрсетті. Университеттің үздік оқытушылары мен қызметкерлерін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл олардың жоғары білім мен ғылыми қызметті дамытуға қосатын күнделікті жұмысына алғыс білдіру.
Инновациялық Еуразиялық университетте сапалы білім өз ісіне берілген жандардан басталатынына сенімді. Ал мұндай мерекелер оларға алғыс айту үшін тамаша мүмкіндік.
