Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Көзі көрмесе де көкірегі ояу

мәдениет

117
Сынақ тек көтере алатын жандарға беріледі деген текке айтылмаса керек. 15 жасар жерлесіміз Константин Еременко көзі көрмей, қараңғылықта өмір сүрсе де, бойындағы тума талант арқасында айналасын нұрландырып жүр.

Ол қазақ тілін де, италияншаны да еркін меңгерген. Және бұл еш қиын емес дейді. 15 жасар Костяға, өз көзімен көру бақыты бұйырмаса да, кеудесін тік, басын биік көтеріп жүрген азаматтардың бірі. Соңғы жылдары синтезатор аспабына ерекше қызығушылық танытып, әр күнін жаңа шығармаларды ойнап үйренумен өткізуде.

 

- Бұл мектепте менің ән-күйге деген махаббатым пайда болды.  Енді бар ғұмырымды музыкаға арнағым келеді. Әрбір таңым синтезатормен басталады. Үйге келген қонақтарға да, білгенімді ойнап тұрамын. Көпшілік алдында өнер көрсету мені қуатанды, - деді Констанин Еременко.

 

 

2006 жылы біздің арнамыз 6 айында туып, көмекке мұқтаж болған Костя жайлы айтып, сауығып кетуіне қаражат жинауға ат салысқан екен. Жасөспірім бұны ұмытпай, біздің есімізге салды. Сол кездегі демеу арқасында ол - қазір №7 интернат-мектебінің бетке ұстар оқушыларының бірі. Ұстаздар ерекше тәрбиеленушілерінің өнерлерін дамытып, дұрыс жол беруге тырысады. Сондықтан жас музыкант әлі талай белестерді бағындыратындығына сенімді.

 

- Мен оның ән айту қабілетін байқадым. Қазірдің өзінде бас дауысы бар. Кейін аспаптарға қызығушылық таныта бастады. Өте жарқын бала. «Жұлдызай» сынды халықаралық фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері. Мектеп мақтанышы, әрқашанда ізденісте жүретіндігі таң қалдырады, - зағип балаларға арналған №7 мектеп-интернатының музыкалық жетекшісі Гүлнар Кәуменова.

 

Мұғалімдердің тапсырмасын лезде қағып алатын Костя болашақта музыкалық білімді кәсіби деңгейде жалғастыруды армандайды. Бірақ, бұл өз-өзін жаңа қырларынан дамытуға еш кедергі емес дейді. Сондықтан оқуда да озат.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()