Конституция күніне орай қалада бірқатар мерекелік шара өткізіледі

Павлодарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай қалалық саябақта үрмелі оркестр концерті өтеді. Сонымен қатар барлық музейлер мен кітапханалардың есігі шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін ашық болмақ.

 

- 200-ден астам іс-шара Конституция күніне орай өткізіледі. Тамыздың 27-сі мен 30-ы аралығында барлық музейлер мен кітапханаларда көрмелер ұйымдастырылады. 30 тамыз күні сағат бір мен екінің ортасында қалалық орталық саябағында мерекелік іс-шара, одан кейін сағат кешкі 19:00 мен 22:00 арасында орталық алаңда Ертіс Променад сахнасында Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен концерт өтеді, - деп мәлімдеді Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының м.а Медет Тауасқан.

 

Бұл кештің хэдлайнері ретінде бас сахнада Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетеді. Сонымен қатар, жарық жұлдыздар Айқын Төлепберген, Садраддин көпшілікті өнерімен қуантпақ.

 

Альфия Омарова