Көне тақтатастарды мүсінге айналдырған жас шеберлер

Таң тамаша мүсіндерді жасау үшін сым, фольга сынды материалдар қолданылыпты. Мұндағы петроглифтер шынайы бейнелердің нұсқасы. Жобаға жарты жылдай уақыт кеткен.   

           

- Бұл көрмеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобаның тек бастапқы жұмыстары көрсетілген. Балаларымыз тасқа қашалған ежелгі адам және жануарлар бейнелеріне қарапайым материалдар арқылы жан бітірді. Олар мүсіндерді жасап ғана қоймай шағын зерттеулермен айналысуға танысты, - деді қалалық көркемсурет мектебі басшысының орынбасары Инна Масленикова. 

 

Шеберлеріміз мүсіндермен шектелмеген. Мекеменің кіреберісінде сол петроглифтердің суреттері ілінген. Айта кетейін, көркемсурет мектебінің ұжымы жобаның жалғасатынын айтуда. Алда саз балшықтан және фетрден ерекше туындылар жасалынбақ.