Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Мешіт қызметкерлері қала бойынша сенбілікке шықты

мәдениет

73
Бүгін олар тазалық шарасын өз аумағынан бастады. Әсіресе жастар игі істе ерекше белсенділік танытуда. Бірнеше апта бұрын ғана олар Ақмешіт аумағына терек, қайың, қарағай секілді ағаштарды отырғызған еді.

Мешіт қызметкерлері мен медресе шәкірттері және еріктілер  бүгін қолдарына сыпырғыш пен тырнауыш алды. Республикалық «Таза әлем» акциясы бүгін бүкіл еліміз бойынша өткізілуде. Себебі карантин кезінде сенбіліктер өткізілмей көптеген орынды қоқыс басып қалған. Бүгін жинауды өз аумақтарынан бастады.

 

- Жастардың арасында жат ағымға өтіп кетушіліктері бар. Сол себепті жастарды осындай қайырымдылық іс-шараларға, қоғамдық іс шараларға тарту және басын біріктіру, бір-бірімен араластыру және бір бірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады, - деді Мәшһүр Жүсіп мешітінің «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Біржан Әкімбеков.

 

Қалалық дін үйлері мен қатар аудандардағы мешіт өкілдері де ағаш отырғызып, көшелер мен аулаларды тазартуда. Ақмешіт аумағынан жиналған бірнеше қап қоқысты коммуналшылар арнайы бөлген жүк көлігіне тиейді. Сенбілікке жалпы отыздан астам адам шықты. Ұйымдастырушылар игі іс әлі де жалғасын табатынын айтты.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()