• Басты бет
  • Мәдениет
  • Мичуриндегі «Балдәурен» лагерінде балаларға гаджетсіз демалыс ұйымдастырылған

Мичуриндегі «Балдәурен» лагерінде балаларға гаджетсіз демалыс ұйымдастырылған

Лагерьде 406 бала жазғы демалысын көңілді өткізді. Оқу сауықтыру орталығына қатысу үшін 25 мың тенге төлеу қажет дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Оқу сауықтыру орталығына келгісі келетіндерге 25 мың теңге төлеу қажет. Алайда сіздің балаңыз вундеркинд немесе олимпиада жеңімпазы болса тегін немесе жеңілдікпен демала алады. Онда төлем 12100 тенгені құрйды. "Балдәурен" лагері үлкен сұранысқа ие. Жаз басталғалы үш ауысымда 406 бала демалды. Барлығы 7 маусым жоспарланған және - 900 оқушы қамтылмақ. Ал мәзірде тек пайдалы тағамдар ұсынылады.

 

- Біз балаларға фастфуд өнімдерін бермейміз. Тек пайдалы тағамдарды ұсынамыз. Сонымен қатар, балалар келгенде, ата-аналар үшін "WhatsApp" тобы ашылады, тәрбиешілер ата-аналармен үнемі байланыста болады. Бізде интернет жөнді жұмыс істемейді. Балалар ата-аналарымен хабарласу үшін күніне бір рет телефон ала алады,-деді "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Маржан Қасенуәлиева.

 

Демалыс аумағында 4 кешен бар. Орталық бір ауысымда 150 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда олар кітап оқып, спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ, сурет салып өнерін шыңдағысы келетіндерге жағдай жасалған.

 

- Мен осы жерге үшінші рет келіп отырмын. Би кештері мен іс шаралары өте қызықты. Достарыммен серуендеп, бірге кітап оқимыз. Және теледидар қараймыз,-дейді Сұлтан Ғабидулин.

 

Бұл ретте, «Балдәурен» лагері әлеуметтік қолдау көрсетеді. Мұнда ата-анасының қамқорлығынан айырылған 24 бала, аз қамтылған отбасынан 63 бала, және зияткерлік байқаулардың жеңімпазы атанған 73 оқушы демалды.