Облысымызда 60-тан астам ұстазды салтанатты марапаттау шарасы өтті

Бұл мұғалімдердің барлығы шәкірт тәрбиелеудегі жоғары біліктілігімен көзге түскені анық. Ұстаздан шәкірт озар демекші, олардың тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары. 200-ден астам жетістікке жеткендер.

 

-Дана халқымыз ұстазы жақсының ұстамы жақсы дейді. Қоғамның лайықты ұл-қыздарын тәрбиелеуде, сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер үшін мәні де, мектептің жүрегісіздер. Қадірді ұстаздар, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отыра, осы жерде қатысып жатқандардың әрқайсысына және барлық әріптестеріңізге адал, жаңқиярлық және қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді,-деді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов.

 

Дипломдар, мадақтама қағаздары, төсбелгілерден басқа педагогтар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.