• Басты бет
  • Мәдениет
  • Ондаған жылдан соң жаңғырған естелік: Павлодарда Наталья Капустинаның «Золотые ворота» кітабының тұсаукесері өтті

Ондаған жылдан соң жаңғырған естелік: Павлодарда Наталья Капустинаның «Золотые ворота» кітабының тұсаукесері өтті

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада танымал педагог Наталья Капустинаның «Золотые ворота» кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайы irbistv.kz. Қолжазбаны Наум Шафер музей үйінің қызметкерлері тапқан.

Бұл естеліктерді Наталья Капустина 20 жылдан астам уақыт бұрын жазған. Алайда қолжазба ұзақ уақыт бойы көпшілікке жария болмаған. Сарғайған парақтардағы жазбаларды Наум Шафер музей үйінің қызметкерлері автордың қазасынан кейін үйдегі архивтерді ақтарған кезде кездейсоқ тапқан. Музей директоры Магзия Абенова мазмұнды естеліктерді жариялау керек деген шешім қабылдаған.

 

- Қолжазбаны қолға алғаннан кейін оқыған кезде бұл кітап оқуға лайық екенін сездік. Сосын біз жерлес, жазушы Юрий Поминовке жүгіндік, ол кісі қарап шығып бұл кітап шығаруға жеткілікті материал деді, - дейді Наум Шафер музей-үйінің директоры Магзия Абенова.

 

Кітапта Наталья Капустина соғыспен сәйкес келген бала кезі, мектеп жылдары мен студенттік кезең,педагог мамандығындағы алғашқы қадамы туралы жазады. Автор өз жеке естеліктері арқылы тұтас дәуірдің тарихын, сонымен қатар өмірін ұстаздыққа арнаған тағдырын суреттейді. Бұл естеліктің бір бөлігі Наталья Капустина мен Наум Шафердің отбасы туралы. Павлодар өңірінің мәдени мұрасында ерекше із қалдырған Наум Шафер сазгер, әдебиеттанушы, грампластинкалардың бірегей коллекциясын жинаушы екені белгілі.

 

-Жолдасы туралы ол кісі енді студент кезінде қалай танысқаны, Шығыс Қазақстанға көшіп барып, ол жақта мұғалім болып істеген, сол туралы сонда барлығы жазылған, - деп бөлісті Наум Шафер музей-үйінің директоры.

 

Оқырмандар үшін бұл басылым танымал педагогтың өмірімен танысып, тағдыры Павлодардың мәдени өмірімен тығыз байланыста болған жандар туралы тарихқа үңілу.