Павлодарға Маңғыстау облысының суретшілері мен қолөнершілер келді
Сан ғасырлық тарихы бар кәсіпті сүйікті ісіне айналдырған шеберлер өз өңірлерінің таланттан кенде емес екенін көрсете білді дейді irbistv.kz тілшісі.
Көрмеге 30-дан астам суретші, зергер мен қолөнерші келген. Олар көпшілік назарына зергерлік бұйымдар, былғарыдан тігілген қамшылар, ұлттық киімдер мен картиналарды ұсынды. Ұлттық дәстүрді дәріптеп, халық қолөнеріндегі аталмыш жанрларды жандандыру, қолға алу және жас буынға насихаттау және отандық брендтердің халықаралық аренаға шығару болып табылады.
- Қолөнершілеріміз бен қылқалам шеберлеріміздің алып келіп жатқандағы басты мақсат мына қазіргі таңда креативті индустрия арқылы мына қолөнершілерімізге шеберлерімізге қолдау көрсету, олардың жұмысын насихаттау. Жалпы жергілікті эксклюзивті брендтерді облыс көлемінде емес, мына республика көлемінде насихаттау,-деді Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры Ақмарал Зейінова.
Шара соңында маңғыстаулық сәнгерлер мен зергерлердің бұйымдарынан сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Айта кетсек, қалалықтар Маңғыстау облысы шеберлері мен суретшілерінің көрмесін екі күн бойы тамашалай алады.