Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар ауданы мектептерінде домбыра сыныптары ашылуда

мәдениет

49
Оларды жабдықтауға жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңгеден бөлген.

Заря ауылының мектебі үшін бұл кабинеттің маңызы зор. Себебі осыған дейін ұлттық өнерге қызығушылық танытқан жастар өз аспаптарымен дайындалатын. Енді үйірмені емін-еркін, дайын домбырамен өткізеді. Бүгінде 30 жаңа аспап бар. Мектеп басшылығы ниет білдірушілер көп  дейді. Айтуларынша бүгіннің өзінде 160 оқушы тізімге жазылған.

 

Санитарлық талаптарға байланысты ата-аналармен бірлесе арнайы кесте жасалды. Кейін бала санын бестен асырмай дайындалады. Тіпті оқушылардан оркестр жасақтау жоспарланып отыр. Бұл ретте, Шақат жалпы орта білім беру мекемесі де жаңа сыныптың есігін ашты. Талай таланттардың қанатын қағуға еңбегі сіңген мектеп ұжымы алдағы ойларымен бөлісті. 

 

- Ата-аналар естіп, балаларын бергісі келетіндер көп. Кейбірі тіпті мектепке дейінгі балаларға арналған сыныптар ашсаңыздар деген өтініш айтуда, - деді Шақат ЖОББМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Смагулова.

 

Ал топтық жұмыс онлайн режимінде өтеді. Сыныпты жасауға бір айдай уақыт кеткен. Мұндағы аспап саны - 11. Алдағы оқу жылында бала саны көбейтіліп қосымша құралдар алынбақ. Әзірге 5-9 сынып аралығындағы оқушылар үйірмеге қатысуда.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()