Павлодар мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

 

 

 

 

 

Биыл 1500 ге жуық оқушы қияға қанат қақты.

 

7 жалпы орта білім беру мекемесінің 43 оқушысы алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күннің әр оқушының мәңгі есінде қалатыны сөзсіз. Өздері де жылы лебіздерімен бөлісті.

 

-Негізі осы мектеп мені тәрбиеледі және барын берді. Мұғалімдер жүрегіме жақын адамдар сол себепті өте қатты толқып жатырмын,-дейді №7 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Индира Құдайқұлова.

 

-Бұл жаңа студенттік өмірдің басталуы деп білемін. 11 жыл бойы бізге білім үйретке ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Алдағы уақыттарда өзімізді шыңдап студенттік өмірімізді бастағалы жатырмыз,-деді №7 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мұхамед Қуандық .

Оқушыларға 11 жылдық білімдерін қорытындылайтын уақыт келіп жетті. Алда оларды өмірлеріндегі алғашқы үлкен сынақ - ҰБТ күтуде. Ұстаздар қауымы да сағынатындарын жасырмады.

 

- Әрбір оқушының өзінің бір ерекше қылықтары бар. Оларды 5 сыныпта алғанымен жаңадан бастауыштан келіп жатты. Сабақтың үстінде ұйықтап қалатын қылықтары болды немесе бір еркеліктері болды. Өте көп еске алатын сәттерім,-дейді №7 ЖОББМ ұстазы Балапан Шамшарив.

 

Қаламызда 1463 оқушы үшін қоңырау соңғы рет соғылды. Олардың 54-і үздік аттестатпен оқу жылын тәмәмдаса 29-ы «Алтын белгіге» үміткер.