Павлодар облысы орманшыларының камерасын бұлан түсіп қалған

 

 

Ұрғашы бұлан баласымен бірге су ішіп жатқан сәтте бейнекамераға түсіп қалған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

«Ертіс Орманы» табиғи резерваты мамандары жануарларға арналған су қорын дайындап, солардың қасында камера орнатып кеткен. Нәтижесінде бейнеге бұландар түскен.

 

-Жасанды су қорларын жасау, биотехникалық іс-шаралардың бірі болып табылады. Соны арқасында шөлдеп жүрген хайуандарға көмек көрсетіледі. Камераға ұрғашы бұлан мен баласы түсіп қалған. Табиғи резерватта жалпы 50 аса жасанды су қоймалары орнатылған, -деп жеткізді «Ертіс Орманы» табиғи резерватында.

 

Фото: Freepik.com