• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодар өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы кітабының ескі басылымы табылды

Павлодар өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы кітабының ескі басылымы табылды

 

Б. Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі жыл басында «Музейге жәдігер» атты акцияны жариялаған болатын. Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы кітабын Аққулы ауданының тумасы мұражай қорына табыстады. Құнды жәдігер нақты қай жылы жарыққа шыққаны белгісіз, себебі мұқабасы сақталмаған. Ал шара барысында жалпы 40-қа жуық жәдігер әкелінді.

5 қыркүйек - ұлт ұстазы, ақын, публицист, алашордашы, қазақ ойшылы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 150 жылдығы қарсаңында Бұхар жырау әдебиет және өнер музейіне ақынның құнды жәдігері табысталды. Талғат Касымовтың айтуынша, үлкен ағасы бұл кітапты 30 жылдан астам уақыт бойы Құран деп сақтаған.

 

- 2022 жылы ауылға бір имам келіп еді, соны оқытып көрсек, Құран емес дейді, бірақ араб тілінде жазылған. Бір мәліметтер бар екен ішінде қазақ тілі деген соң, содан кейін осындай шешімге келдік, осы музейге әкеліп тапсырайық, мұражайға деп, сосын әкеліп тапсырып отырмыз,-деді қала тұрғыны Талғат Қасымов.

Мұражай қызметкерлері аталмыш мұраны зерттеу барысында үш кітаптан тұратынын анықтаған. Соның бірі Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы болып шықты. Өлеңдер қазақ халқының ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы жайлы жазылған. Оның ішіне аудармалары да бар дейді музей қызметкерлері. Жалпы тарихи мәлімететр бойынша бұл жинақ 1911 жылы Орынборда, 1914 жылы екі рет басылған екен. Дәл осы баспасының жылы белгісіз. Ал басқа екі кітап әлі толық зерттелмеген.

- Шынын айтуымыз керек, енді шет жағасын қазір кімнің кітаптары екенін, кімге тиісті екенін оларды білеміз. Олар бір сол қазақтың 19-шы ғасырға шейін екі жүз жылдық тарихын қамтитын, 20-шы жылдардың басындағы қазақ мәдениеті, қазақтың тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылық мәселесі, тарихқа байланысты жазылған,-дейді Б.Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі басшысы Ербол Қайыров.

Жалпы «Мұражайға жәдігер» акциясы барысында музейге 40-қа жуық құнды жазбалар, кітаптар тапсырылған. Ал келесі жылы «Алашордашылар жолымен» экспедициясы жоспарлануда.