Павлодарда «Союз меха» компаниясы ұсынған сауда көрмесі жалғасуда

 

 

 

Мұндағы ішіктер аукциондық жүннен жасалған, сонымен қатар, түстер палитрасының алуандығын атап өткен жөн. Тауардың сапасында мін жоқ. Өнімдер австралиялық қой терісі, қаракүзен, түлкі, сусар терілерінен жасалған. Көрмеде классикадан эксклюзивке дейінгі, ал бағасы үнемдіден премиум санатына дейінгі үлгілер қамтылған.

 

- Елтіріден жасалған сырқы киім өзіме қатты ұнайды. Осында келіп киіп көрдім. Көңіліме майдай жақты. Сапасы, түсі, ыңғайлылығы өте керемет. Өз жасыма лайықты тауарды таңдадым деп ойлаймын. Біздің қыс мезгіліне өте қолайлы. Нақтырақ айтқанда елтіріден жасалғандары сай келеді деп есептеймін,-деді қала тұрғыны Манат Батталова.

 

Көрмеден қалаған өніміңізді оңай таба аласыз, себебі «Союз меха» қаламызға 5000 дана ішік әкелген. Ерлер қауымы да назардан тыс қалмаған. Мутоннан жасалған киімдер ұсынылған. Бөліп төлеу қарастырылған. Ал қолма қол төлемге оңтайлы жеңілдік бар. Айта кетейін, ресейлік өндірушілердің көрмесі Естай атындағы мәдениет сарайында әр күн сайын жұмыс жасауда.