Павлодарда Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Жиналғандар қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері болды. Бұған дейін мемлекет басшысы журналистердің жаңа Конституцияны қабылдау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалаған болатын.
- Өңіріміздің жастары қоғамдық бастамаларға, волонтерлік қызметке, кәсіпкерлік пен шығармашылық қызметке, белсенді араласып, ел дамуына нақты үлес қосып келеді. Бұл конституцияда айқындалған құндылықтардың өмірде өз көрінісін тапқанының дәлелі. Сонымен қатар журналистер қауымының да жауапкершілігі айрықша, кәсіби әрі объективті ақпарат тарату қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты дамыту, заң үстемдігі мен конституция құқықтарын насихаттау БАҚ-тың маңызды миссиясы, - деп атты Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова.
Бұл ретте Ирбис ТК редакторлары Роза Жомартқызы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасына, Александра Середина Алғыс хатына ие болып, тілшілер Артем Клеван, Артем Буланов және Дархан Бекишевке де белсенді жастармен бірге Ата заңның алғашқы басылымдары табысталды.
- Президент айтқандай бұл халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайту. Халыққа баса назар аудару, сондықтан жаңа конституция халықтық конституция деп аталады. Ал Конституцияны жүзеге асыру қағаз жүзінде ғана емес, ҚР азаматтарының жеке міндеті, әрі борышы деп санаймын-деді Роза Жомартқызы.
-Бүгін ресми түрде конституцияның нұсқасын қолымызға алып жатқанымыз өзім үшін ерекше. Бұл алдағы үлкен түбегейлі өзгерістердің бастамасы деп білеміз, - деді Дархан Бекишев.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституция елімізде соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан саяси және қоғамдық реформалардың заңды жалғасы екенін айтты.
