Павлодарда ҰҚК 16 жыл басқарған Үкімет Смағұловтың 100 жылдығын атап өтті
Достық үйінде КСРО қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері, Павлодар облысындағы ұлттық қауіпсіздік комитетін 16 жыл басқарған Үкімет Смағұловтың 100 жылдығына арналған конференция өтті деп хабарлайды irbistv.kz.
Үкімет Смағұлов 1944 жылдан бастап Қазақстанның түрлі облыстарында мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды.1972 жылдан 1988 жылға дейін Павлодар облыстық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасын басқарды. Қазіргі Павлодар облыстық ҰҚК департаменті орналасқан әкімшілік ғимарат осы адамның бастамасымен салынған. Шара барысында мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 45 жыл өмірін арнаған генерал-майор Үкімет Смағұлов туралы әріптестері жылы естеліктерімен бөлісіп, оның өнегелі өмір жолын жастарға үлгі етті.
-Жалпы жұмысты қатаң талап етумен қатар, сол қызметкерлерге жұмыс-үй жайларын қамтамасыз етуге көңіл бөлуі, айта берсек, өте көп қасиеттері бар. Оны осы залда отырған ардагерлердің барлығы біледі. Осындай ұлтына адал еңбек еткен тұлға елдің есінде қалады деп ойлаймын, - дейді ҚР ҰҚК ардагер лерінің республикалық ҚБ Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Райымбек Ахметов.
Бұл ретте келушілерге Үкімет Смағұловтың өмірбаянынан сыр шертетін «Өресі биік тұлға» кітабы таныстырылды.
Іс-шараға мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің басшылығы, сондай-ақ Үкмет Смағұловтың жақын туыстары қатысты.
авторы: Дархан Бекишев
