• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда балалар мен ата-аналарға арналған «ERG Jazz Fest» фестивалі өтті

Павлодарда балалар мен ата-аналарға арналған «ERG Jazz Fest» фестивалі өтті

 

 

Гагарин саябағын тек қана жаздың шыжаған ыстығы ғана емес, сонымен қатар мыңдаған баланың күлкісі де жылытқан болатын. "ERG" құрамына кіретін өңірдің флагмандық кәсіпорындары ойын-сауық бағдарламасына толы мега-мереке ұйымдастырды. Ол балаларды қорғау күніне арналған. Спорттық ойындар, мастер-класс, лазерлік тег, холи флешмоб бояулары және басқа да қызықты жарыстар арқасында барлығы көңіл көтерді.

 

-Кермет көңіл күй! Күн ыстық болса да, бізге кедергі емес! Өте ризамыз! Балаларға ұнап жатыр, -дейді ата-аналар мен балалар.

 

Қызықты әрі тамаша бағдарламамен балалар мен ата-ана көңілін кәсіби жүргізушілер көтерді. Бүлдіршіндерге арнап түрлі викториналар мен ойындар өткізілді. Ал әр қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды. Балалардың көңілі ойынға ауған уақытта ересектер қауымы жанды дауыстығы кавер тобының концертін тамашаларды. Өңіріміздің танымал музыканттары хит әндерді орындап, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.

Әлбетте, кез-келген балалар мерекесі тәтті дәмдерсіз өтпейді, бұл ретте бүлдіршіндерге балмұздақ, тәтті мақта, және дәмді шырындар таратылды.

 

-Мейрам балаларды қорғау күніне арналған. Және Қазақстан электролиз зауыты осы үлкен мейрамды ERG компаниясымен бірігіп ұйымдастырып жатыр. ҚЭЗ спорттық тимбилдинг, тир, және стационарды ойындарды өткізеді. Біз осы мейрамға тек зауыит қызметкерлерін ғана енмес, сонымен қатар қала тұрғындарын шақырдық,-дейді "Қазақстан электролиз зауыты" жастар кеңесінің мүшесі Жұлдыз Кемелова.

 

«ERG Jazz Fest» қала тұрғындары есінде ұзаққа қалатыны анық. Бұл мереке жыл сайын жаздың алғашқы күндерінде ұйымдастырылады.