Павлодарда бір ғасырға жуық тұрған көне ескерткіш қирады
Ол қарашаның 7-сінен 8-іне қараған түні орын алған дауыл салдарынан құлаған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Қала бойынша соңғы күндері орын алған, екпінді желдің зардабын жою жалғасуда. Түнгі уақытта «Балалық шақ» саябағында Ленин ескірткіші тұғыр үстінен құлап, ұсақ бөлшектерге бөлініп кетті. Шенеуніктер ол қалпына келтіруге жарамайды деп айтты. Лениннің бұл ескерткіші 1928-ші жылы 1-ші шілдеде қазіргі Астана-Толстой қиылысында орнатылған болатын.
-Ескерткіштің тұрғанына 100 жыл тақап қалған еді. Оның қасында 67 жыл өскен ағаш бұрандары отырғызылған төрт шыршадан аман қалған жалғыз шырша болатын. Қазіргі уақытта құлаған ағашты кесу және тазалау жұмыстары аяқталды. Келесі аптада тұғыр бөлшектеледі. 1928-ші жылы Араб қаріпімен жазылған бірегей жазуы бар тақта сақталады. Қала тұрғындарымен ақылдасып, болашақта бұл жерде не орналасатыны жайлы шешім қабылданатын болады,-деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Айта кетсек, 2022-ші жылы ескерткіш жеке инвестордың есебінен жөндеуден өткен болатын. Ол мәдени мұралар мен ескерткіштер тізілімінде көрсетілмеген.