• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда Чернобыль апатының салдарын жоюға аттанған жерлестерімізді құрметпен еске алды

Павлодарда Чернобыль апатының салдарын жоюға аттанған жерлестерімізді құрметпен еске алды

 

 

Чернобыль атом электр станциясында апатқа биыл 38 жыл толды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарда 20 ғасырдың басты апатының салдарын жоюға аттанған азаматтарды дәл осы күні құрметпен еске алды. Жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 

- Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам, ал Павлодар облысынан мыңнан астам адам апат салдарын жоюға аттанды. Бүгінде, өкінішке орай, ардагерлердің саны 250-ге жуық,-деді "ҚР Чернобыль Одағы" заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Виктор Деймунд.

 

Бұл күн мыңдаған адамның өмірін қиып, адамзатқа, табиғат пен экологияға орасан зор зиян келтірген апат екендігі айдан анық. Павлодарда трагедия салдарын жоюға қатысқан азаматтар естеліктерімен бөлісті.

 

- Мен жалпы өзім 1989-шы жылы жарты жыл болдым сонда. Мында бірге болған әріптестерім бар. Әйел адамдар болды, аспазшылар олар. Мен аттанған кезде 34 жаста болдым. Екі балам болды, ұл, қыз. Ал мына әскерде болған жігіттер әскери міндетін мына 18-20 жастағы балалар олар отбасын құрмаған балалар болды,-деді ардагер Серік Мақшарев.