• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда филармония тарихындағы ең ерекше концерттік бағдарламада үш солист өнер көрсетеді

Павлодарда филармония тарихындағы ең ерекше концерттік бағдарламада үш солист өнер көрсетеді

 

 

Репертуарда – классикалық шығармалар. Баритон дауыс иелері қазір алғашқы концертке қызу дайындық үстінде дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Концерттік бағдарламада джаз оркестрінің сүйемелдеуімен орындаушылылар жанды дауыста ән шырқайды. Қазір ұжым алдағы кешке дайындық барысында. Репертуардағы «Дудар-ай», «Қарағым-ай» сынды әндердің ноталарын концертмейстердің өзі өндеген.

 

«Концерт өте жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Дайындығымыз қызу. Үш баритон концертті алып шығатынына мен сенімдімін. Бұл концерт өзі үш блоктан тұрады. Бірініші блок тек қана қазақ әндері болады. Сол қазақ әндерінде мен фортепианомен сүйемелдеймін, тек қазақ өлеңдеріне,-деді концертмейстер Ерлік Сайырхан.

 

Айбар Ашкеев, Алижан Қазбеков, Алмас Мұқатай – қоңыр дауысты филармония солистері. Олар дуэт, соло болып та сахна төріне шығады. Айту керек, трио кешіне билет саны санаулы қалды. Концерт қазанның 2-сінде облыстық филармонияда өтеді.