• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда колледж студенттері арасында үздік дәнекерлеуші кәсіби шеберлік байқауы өтті

Павлодарда колледж студенттері арасында үздік дәнекерлеуші кәсіби шеберлік байқауы өтті

 

Дәнекерлеу ісінде жеңіске жету үшін олар өзара күрес жүргізді. Дода аясында теориялық және практикалық дағдыларын іс жүзінде көрсетті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Үздік дәнекерлеуші байқауына 50 қатысушы өз жұмысын ұсынды. Сайыскерлер бірі аргондоғалы және электродты дәнекерлеумен, өзгелері пластиналарды механикалық жартылай автоматты дәнекерлеу бойынша тігістерінің көлденең және тік күйінде жасаумен ерекешеленді. Тәжірибелі Андрей Шарапов фавориттер қатарында. Командасымен алдағы көптеген байқауларда жеңіске жеткен еді.

 

- Басында сызбалар жасап, өлшемдерді есептеп, қаңқасын жасадық. Бөлек жинап, кейін барлығын біріктердік. Пластина металл негізінде жасалды. Дәнекерлеуге жеңіл келеді,-деді электр газбен дәнекерлеуші Андрей Шарапов.

 

Байқау тапсырмалары мұндағы мамандардың күнделікті қызметі. Бұл ретте, студенттерге тәжірибелі шеберлер көмегін тигізіп, бағыт-бағдар берді. Таң қалдырарлық жұмыстар заманауи дәнекерлеу құрылғыларымен жасалды.

 

-Қазір облыс бойынша инсталяция өтіп жатыр. Кішкентайдан жетіп, үлкендерді жасауға жеттік. 7 алтын адам табылған, соны жасауға тырыстық. Бізге ұнайды,-деді өндірістік оқыту шебері Серік Ибраев.

Жылдан жылға бұндай жарыстарда бәсеке артып келеді. Сәйкесінше, дәнекерлеу саласының тәжірибелі қазылар алқасы үшін үздікті анықтау қиынға соғады. Дегенмен, бұл керемет жұмыстардың әрбіреунің артында үлкен еңбек жатқандығы көрініп тұр.