Павлодарда Конституция күні көк туымыз дронның көмегімен көкке көтерілмек
Бірегей идея облыс орталығындағы Конституциясының 30 жылдығына арналған концерттік бағадарлама аясында жүзеге асырылмақ деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласында аспанда дрон арқылы мемлекеттік тудың желбіреген бейнесі таралуда. Анықталғандай, бұл 30 тамыз күні өтетін ауқымды мерекелік бағдарламаға деген дайындық жұмыстары. Ауыр жүк көтеруге жабдықталған дрон көк туды 180 метр биіктікке көтеріп, орталық жағалауында орналасқан бас сахна — «Ertis Promenade» үстінен алып өту көзделіп отыр. Бұл ақпаратты жоба авторлары болып табылатын «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы растады. Жоба аясында көлемі 16 × 8 метр болатын Қазақстанның мемлекеттік туы дронның көмегімен биікке көтеріліп, рекордтар кітабына ресми тіркеу жоспарлануда.
Фото: pexels.com
