Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда майдангер Ханафия Асқаровты еске алу кездесуі өтті

мәдениет

113
Ол - 3 бірдей соғысты басынан кешірген, нақтырақ айтқанда Фин, екінші дүниежүзілік және Жапондармен болған қырғынға куә болған майдангер. Жиынға шаһардың белді зиялылары келді.

Ханафия Асқаров сұрапыл майданнан бұрын бүкіл елге қасірет болған жаппай ашаршылықты басынан кешірген. Кейін Отан алдындағы парызын өтеп, соғыстан соң шығармашылыққа бет бұрған. Көзі тірісінде 3 басылымы жарыққа шықты. Онда ұлт тәрбиесі, алаш арыстары жайлы кеңінен баяндалған. Ұрпақтары да аталарының ерлігін, сіңірген еңбектерін жинақтап тың деректерін ұсынған еді. Ал бүгінгі жиынның басты мақсаты - ерен ердің шығармаларын өскелең ұрпаққа дәріптеу.

 

- Қолынан қалам тастамай жергілікті республикалық газеттерге тіл, дін, тәрбие мәселелері жөнінде көптеген мақалалар жазған. Мына шараны өткізудегі басты мақсатымыз студент жастарды, оқушы жастарды қатыстырып ол кісінің шығармаларын насихаттау еді. Қазіргі жағдайға тек қала зиялы қауымдарын жинап солармен өткізгелі отырмыз, - деді «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі Ульян Мақұлұлы.

 

Ал 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған аймағында ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау жөніндегі әскери борышын орындау кезінде Ішкі әскерлердің 17 жауынгері қаза тапқан. Осы ретте әскери даңқ музейінде Отан үшін жанын беруге құрбан сарбаздарға арналған «Тәуелсіздік бұрышы» экспозициясының тұсауы кесілді. Ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаментінің қатысуымен жүзеге асырылды.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()