• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда музей күнінде Мәшһүр Жүсіптен қалған жалғыз фотосурет жайлы сыр шертілді

Павлодарда музей күнінде Мәшһүр Жүсіптен қалған жалғыз фотосурет жайлы сыр шертілді

 

 

 

Биыл ұлы ғұламаның 165 жылдығы ауқымды аталып өтуде. Бұл ретте, әдебиет және өнер музейінде данадан қалған жалғыз суреттің тарихы таныстырылды. Оған аймақ басшысы Асайын Қуандықұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетерлігі, тарихи деректерге сүйенсек, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмірінде тек бір рет қана суретке түсуге келісім берген.

 

- Бізге белгілі жалғыз суретінде Мәшһүр атамыздың басқаша мына жерде құран көрініп тұр кеудесінде. Ол кісі мүлдем фотоға түсуге келіспейді екен. Оны көндірген Аллажар ата екен. Жан досы, құрдасы, түйедей құрдасы Әбдіразақ атаның баласы,-деді ақын Жанаргүл Қадырова.

 

Сонымен қатар, музей қорына күні кеше табысталған, дара суреттің түсірілуіне себепкер болған Аллажар Әбдіразақұлының шапаны көрсетілді. Оны келіні жылдар бойы сақтап, қолдан қолға жеткізген.

 

- Шапандар толып жататын. Осы сияқты тапсыру керек еді. Ол кісінің киімдері көп болған негізі. 25 жыл мұғалім болған, елге барғаннан кейін, «Мен қартайдым, сенің арабша оқығанын бар Аллажар. Сен осы ауылға имам бол» деп бір имам ата айтқаннан кейін, ол кісі сол ауылға 25 жыл имам болып істеді,-дейді А.Әбдіразақұлының келіні Гүлдана Аюпова.

 

Шара бірнеше бөлімнен тұрды. «Қасіретті жылдар» атты театрландырылған көрме, жас ақындардың арасында поэтикалық жарыс, сонымен қатар, садақ ату бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.