• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 60-тан астам адам марапатталды

Павлодарда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 60-тан астам адам марапатталды

 

 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013 жылдан бастап аталып өтуде. Айтулы күнде барлық ұжымдарға құрмет көрсетіледі. Бұл ретте, Павлодар облысының өнер майталмандары қызыл кілем шеруіне жиналды. Железин ауданынан арнайы келген Ғалия Ашкенованың осы салада 30-жылдан астам еңбек өтілі бар.

 

- Мәдениет саласында 34-жылдан астам еңбек етіп келемін. Балалар әдебиет бөлімінде өте қызықты шаралар өтіп жатыр. Осы мәдениет саласында жүрген әріптестеріме де және барлықтарына өте ризамын. Көптеген алғысымды білдіремін. Бүгінгі күн мен үшін өте қуанышты күн,-деді Железин ауданы орталық кітапханасының қызметкері Ғалия Ашкенова.

 

- Кітапхана саласында да көптеген жетістіктеріміз бар. Біз оны цифрландыру жағына қарай алға жылжып келе жатырмыз. Сондықтан мәдениет саласына облыстық әкімдік тарапынан жасап отырған барлық қолдауларды халық та, өнерпаздар да сезініп келе жатырмыз,-деді Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан.

 

Павлодар облысының өнер ұжымдары көптеген халықаралық, республикалық байқауларда, сол деңгейде өткізіліп жүрген барлық концерттерде өнер көрсетуде.

 

- Ел рухын көтеруде мәдениет саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі әрине мол. Біздің ортақ мақсатымыз өнерді құрметтеу және мәдениетті дамыту. Бұл атаулы күн Ұлы дала елінің руханиятын айшықтау жолында аянбай қызмет етіп жүрген біздер үшін аса қымбат,-деп жеткізді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

 

Аймақ басшысы өнер азаматтарына құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар, Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі иелері анықталды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.