Павлодарда республикалық домбырашылар конкурсы басталды

Атаулы шара Қазақ ССР-інің Халық әртісі, дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған. Үш күнге созылатын дода жеңімпаздарын гала концертте марапаттайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Бірінші республикалық домбырашылар конкурсы 12-15 қараша аралығында өтеді. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген дәулескер 31 күйші қатыспақ.

 

- Ұйымдастырушыларға рахмет осындай ауқымды конкурс жасап жатқандарына. Жалпы Р. Омаровтың шығармашылығмен енді танысып жатырмын. Оған дейін конкурс жарыстарға барып, жүлделі болдым. Құлаған кездерім де бар. Былай айтқанда тәжірбе бар. Сол записьтің ырғағын, дыбысын, мінезін характерін жеткізу ғой ең бастысы күйші үшін. Күді сезіне білу керек, күйшіге, соны ырғағын жеткізсе жақсы болады күйшіге,-деді Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті (Алматы қ.) Жақсылық Дінмұхамед.

 

Шараның басты мақсаты - дарабоз күйшінің шығармашылығы мен ұлтты аспаптың құндылығын насихаттау. Бұл ретте қатысушылар Рүстембек Омаровтың және басқа да танымал тұлғалардың күйлерін орындайтын болады.

 

- Бұл конкурсқа Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Атыраудан, Өскеменнен келіп жатан жас домбырашылар, негізі бұл конкурстың басты талабы 16 мен 35 жас арамындағы кәсіби домбырашлыардың додағы түсуі болатын,-деді И.Байзақов атындағы облыстық филармония басшысының орынбасары Сәуле Мұқаева.

 

Айта кету керек, Қазақ КСР халық әртісі, күйші-домбырашы Рүстембек Омаров Бейсенұлы 1919 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ленинградта музыка училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы, сонымен қатар консерваторияда сабақ берген.