Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда сакралды орындар туралы көрме ашылды

мәдениет

75
Аймағымыздың сакралды орындарынан сыр шертетін туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Авторы танымал павлодарлық суретшілер.

Пейзаждық мәнерде салынған бірегей туындылар облыстық кітапхана төріне қойылған. Мұндағы тарихи орындарға бірі барса, өзгелері атын ғана естіген. Экспозициядан табиғи-ландшафтық, объектілердің, археологиялық және сәулет ескерткіштерінің және ерекше қорғауға алынған діни маңызы бар нысандардың бейнелерін көруге болады.

 

- Бұл суреттер жастарға танымдық пайда береді. Өйткені өңірімізде қандай жерлер бар екенін барлығы біле бермейді. Мында көбі жоқ. Арасында белгілі «Қоңыр әулие», «Ғабдул хазрет» кесенесі, «Киелі қызылтау» жерлері көрсетілген, - деді С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Шолпан Шаяхметова.

 

Көрмеге келген жан суреттерден бөлек аса құнды мәліметтерді де біле алады. Қасиетті жерлерге саяхат жасаймын деушілерге мекеме есігі айқара ашық.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()