Павлодарда сакралды орындар туралы көрме ашылды

Пейзаждық мәнерде салынған бірегей туындылар облыстық кітапхана төріне қойылған. Мұндағы тарихи орындарға бірі барса, өзгелері атын ғана естіген. Экспозициядан табиғи-ландшафтық, объектілердің, археологиялық және сәулет ескерткіштерінің және ерекше қорғауға алынған діни маңызы бар нысандардың бейнелерін көруге болады.

 

- Бұл суреттер жастарға танымдық пайда береді. Өйткені өңірімізде қандай жерлер бар екенін барлығы біле бермейді. Мында көбі жоқ. Арасында белгілі «Қоңыр әулие», «Ғабдул хазрет» кесенесі, «Киелі қызылтау» жерлері көрсетілген, - деді С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Шолпан Шаяхметова.

 

Көрмеге келген жан суреттерден бөлек аса құнды мәліметтерді де біле алады. Қасиетті жерлерге саяхат жасаймын деушілерге мекеме есігі айқара ашық.