Павлодарда «Ertis bala fest» балалар фестивалі өтті

 

 

 

 

Мереке күні балалар төр басында.Мыңдаған қыз бен ұл жағалауды гүлдендіріп жіберді. Ондаған аниматорлар олардың көңілін көтерді. Ертіс жағалауындағы бас сахнада балабақша, би және ән ұжымдарының концерті.

Ал егіздер шеруі мерекенің дәстүрлі бөлігіне айналған. Бір-бірінен айнымаса әрқайсысының өз арман, мақсаты бар.

 

-Қаламызда егіздер осыншама көп деп білген емеспін. Мерекелік думанға келіп таң қалдық, -дейді ағайынды Әмір және Дамир Ибраевтар.

 

-Егіздер шеруінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Және балаларға көңіл бөлу,-деді оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова.

 

Егіздер шеруіне барлығы бестен 16 жасқа дейінгі елу шақты бала қатысты. Оған қатысушылардың жыл сайын артып келе жатқаны қатты қуантады дейді ұйымдастырушылар.